«Бір білгені бар шығар»: Еуропаның жанкүйерлері Рыбакинаның эмоциясына таңқалып жатыр
Ал Ресей журналистері өкініштерін білдіруде
Eurosport, Setanta Sport tennis телеарналарының сарапшылары «Уимблдон» турнирінің финалына шыққан Елена Рыбакинаның эмоциясына таңқалып жатыр. Ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы румын Симоне Халепті жеңген еді.
Бұл туралы спорт журналисі, «Азаттық» радиосының тілшісі Руслан Меделбек айтты.
Әдетте финалға шыққан ойыншы ракеткасын жерге тастай салып, өзі кортқа бетін басып жата кететін немесе кһзіне ерік беріп, жылайтын еді. Рыбакина енді ғана бірінші айналымнан өткен сияқты болды. Бұл да бір ойыншының психологиялық дайындығын білдірсе керек деп жатыр олар. Рыбакинаның бар білгені, эмоциясы ішінде, - деді ол.
Рыбакинаның кешегі жеңісі туралы ресейлік журналистер болса оның Қазақстанның азаматтығын алып, біздің елдің атынан үлкен жарыстарға қатысып жатқанына өкініштерін білдіруде. Олар «Это наша Лена – уроженка Москвы в финале Уимблдона! турнирные расклады и сетка», «Ничего изменить уже нельзя», «Денег пожалели? Как москвичка зажгла на Уимблдоне под флагом Казахстана», «Лена живет в Москве, выросла здесь, стала игроком тут», «Более русская, чем борщ», «Прежде всего победа российского тенниса». Тренер оценил роль Казахстана в успехе Рыбакиной» деген пікірлерін беріп, материалдар жазып жатыр.