×

Бұрын FORBES тізіміне енуге асыққандар қазір шығуға асығып жатыр – Айдын Рахымбаев

Кеше Президент еліміздегі ірі бизнесмендермен кездесті

 Халық үні 22.01.2022 | 15:24
коллаж: 2021 жылғы Forbes тізімінің алғашқы ондығына кіретін кәсіпкерлер

Белгілі кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев 21 қаңтардағы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен кездесуі жайында сөз етті.

Кездесу барысында әр бизнесмен өзі естігісі келген нәрсені естіді. Менің ойымша, Президент айтқан жаңа Қазақстанды құруға отандық кәсіпкерлер үлес қосатыны - керемет нәрсе. Кіші бизнестен бастап ірі кәсіпорындарға дейін..

Бәріміз патриотпыз деп жар саламыз, қазір сөзбен емес, іспен дәлелдейтін кез келген сияқты, - деп жазды Айдын Рахымбаев.

Одан бөлек, кәсіпкер бұрын FORBES тізіміне енуге асыққандардың кейбірі қазір шығуға асығып жатқаны жайлы сөз етті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, капитал, тәжірибе, басқарушылар тобы мен нарықты дәл пайымдау сияқты ресурстарды экономиканы қайта құруға жұмсауға шақырды.

Президент өткізген жиынға қатысқан басқа да ірі кәсіпкерлер кездесуден естіп-түйгенін айтты.

Мәселен, Altyn Qyran компаниялары тобының басшысы Исламбек Салжанов Жаңа Қазақстанда саясат әлеуметтік әділдік пен халықтың әл-ауқатына басымдық беретініне назар аударды. Сондай-ақ, Президентке елдегі проблемаларды айтты. Салжановтың айтуынша елімізде заң үстемдігі сақталмаған, ал сот жүйесі әділдікті емес, күші барларды қолдады. Altyn Qyran басшысы тәуелсіз 30 жылда қалыптасқан ұрпақ өмір сүргісі келетін қоғамның белгілерін атады. Олар:

  • жемқорлық және әділетсіздік жоқ;
  • заң алдында барлығы тең;
  • соттар заңды және әділ шешім шығарады;
  • мемлекеттік саясат басымдығы - барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік әділдік.

FORBES тізіміндегі жаңа есім Тимур Турлов Президент үкімет пен қоғам алдында қойғам мақсаттардың орындалуына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Мемлекует басшысы айтқан жоспарларды іске асыру оңай болмайтынына тоқталды. Банкирдің айтуынша, Қазақстанның дамуы мен еңбек тиімділігін арттырудың ең тиімді құралы цифровизация екенін айтады. Және Турлов цифровизация бағытындағы Бағдат Мусин мен Үкімет жүргізіп жатқан саясатты ары қарай жалғастыратынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама