×

НАТО басшысы Украинаға қатысты сұрақтан жалтарып кетті

Ол Солтүстік Альянсқа мүше болатынын айта алмады

 Дастан Жұмабекұлы 04.07.2022 | 15:52
фото: nato.int

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның Солтүстік Альянсқа мүшелікке өтуі алдағы уақытта шешілетін мәселе екенін айтты.

Бұл туралы gordonua.com хабарлады.

Солтүстік Альянс елдері Ресей Федерациясының басқыншылығына қарсы соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсетуге жұмылған, – деді Столтенберг НАТО-ның Мадридте өткен саммиті кезінде.

Баспасөз мәслихатында Украина президенті Владимир Зеленский де видеобайланыс арқылы қатысты. Жиында залдағылар Столтенбергтен украин лидерінің сөзіне қалай қарайтынын, Альянстың украиналықтарға қандай үндеу жолдайтыны сұрады.

Сіз қалай ойлайсыз, соғыс біткеннен кейін Украина НАТО-ға Швеция мен Украина секілді мүшелікке жоспарсыз өте ала ма?, – деген сұрақ қойды украин журналисі Ирина Сомер.

Столтенберг оған НАТО лидерлерінің осы жолы Украинаға «өте күшті қолдау көрсеткенін» айтып жауап берді.

Бұл жай сөзбен қолдау ғана емес, саммитте НАТО-дағы одақтастар іс жүзінде Украинаға қосымша жүйелер, қару-жарақ беретіндерін жариялады. Мұндай мәлімдемені Германия, Норвегия мен басқа елдер де жасады. Нидерланды да Украинаға ауыр қарулар жеткізіп беретін болды. Олай болса, біз сөзбен айтқанымызды іспен жүзеге асырып жатырмыз, – деді ол.

Оның айтуынша, НАТО елдері Украинаға қолдау көрсете беретін болады.

Соғыстың соңы не болары белгісіз, бірақ біз ұзақ перспективаға да дайын болуға тиіспіз. Бұл сауал президент Зеленскийдің осы залдағы жолдауы кезінде де қойылды. Біз бұған: «Иә, біз дайынбыз» деп жауап қайтардық. Себебі, ол өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр. Бірақ украиндар НАТО үшін негіз қалаушы қағидат болып саналатын, НАТО үшін құнды, маңызды мәселе – егемендік пен территория тұтастығы жолында күресуде. Сондықтан бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін маңызды, – деді Столтенберг.

Жиында Столтенберг Украинаның қашан НАТО-ға мүше болатынын айта алмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама