×

Арқалықта туған, Назарбаевты қолдаған: Украинада соғысып жүрген қазақ азаматы алдағы жоспарын айтты

Ол әлі Украина азаматтығын ала алмай жүр

 Ербол Тұрымбет 01.07.2022 | 13:27
Жасұлан Дүйсембин, фото: pravda.com.ua

30 жастағы Жасұлан Дүйсембин – Қазақстанның бұрынғы теңіз жаяу әскері. 2021 жылдан бастап қазақ азаматы Украина қарулы күштерінің сапында. Отанына оралса, «жалдамалы әскер» ретінде түрмеге қамалу қаупі бар. Бұл туралы «Украинская правда» басылымы жазды.

Жасұлан Дүйсембин Донецк қаласынан 45 шақырым жерде ұйымдастырылған Ресей шабуылына қарсы тұрған. Волновахиді қорғауға атсалысып, жарақаттанған. Кейін сол үшін марапатталыпты.

Жасұлан Дүйсембин Украинаға алғаш рет 2015 жылы барыпты. Өзінің айтуынша, Назарбаевты (ҚР тұңғыш президенті) барынша қолдаған. Әлемде болып жатқан жағдайларға ресейліктердің «көзімен» қарап келіпті. Сосын Майдан кезінде теледидар арқылы көрсетілген «сұмдықтың» бәрін өз көзімен көру үшін Астанадан Киевке ұшып барыпты.

Соқыр болыппын. Украинаға келіп көзім ашылды. Еркіндікті сезіндім, достар таптым. Үйлендім, қазір екі баланың әкесімін, - дейді Жасұлан.

Жасұлан қазір Украинаны Ресейден қорғауға қатысып жүр. Ол Украина шенеуніктері азаматтық береді деп үміттенеді.

«Украинаға келгенде қажетті құжаттардың бәрін әкелдім. Бірақ кедергілер көп болды. Зеленский де, Порошенко да Украина үшін соғысқан жандардың сол елдің азаматтығын алуға мүмкіндігі барына уәде еткен. Бірақ, іс жүзінде оған қол жеткізу қиын болып жатыр», - дейді ол.

Жасұлан Дүйсембин журналистерге берген сұқбатында Қазақстанға қайта оралғысы келмейтінін, Украинада өзін еркін адам сезінетінін айтқан.

«Қазақстанның арнайы қызметі мені қайтарып алғысы келеді, туыстарымды қорқытады. Мен тек ресейліктердің ғана емес, Қазақстан билігінің де дұшпанына айналдым. Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды, қамауға алуы мүмкін», - дейді ол.

Ол 1982 жылы Арқалық қаласында дүниеге келген. Жасұлан туып өскен қаласын Чернобыльмен салыстырды. Әрине, Арқалықта ядролық апат болған жоқ, бірақ қаңыраған қала, қараусыз қалған үйлер Чернобыль қаласын еске түсіреді екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама