«Канелоның» жан жолдасы Головкиннің жеңісіне бәс тікті
Қазір олардың ара қатынасы нашарлап, бір-бірін сынап жүр
Сауль «Канело» Альвареспен жаттыққан жеңіл салмақтағы америкалық боксшы Райан Гарсия мен оның бұрынғы жаттықтырушысы Эдди Рейносо Геннадий Головкиннің жеңісіне бәс тікті.
Бұл туралы vRINGe.com хабарлады.
Ол жекпе-жекте Головкиннің «Канелоны» жеңетінін айтты.
Көпшілік Сауль Альварестің жеңетінін айтса, мен Головкин жеңеді деп ойлаймын. Әрине, «Канелоға» бәс тігіп жатқандар көп. Дегенмен, қазір Головкин Альвареске қарағанда бабында. GGG-дің ғаламат айқас көрсететінін сеземін және оған сенемін. Неге олай екенін білмеймін, сондай бір сезім бар. Сондықтан мен Головкинге бәс тігемін, - деді Гарсия.
Сондай-ақ ол соңғы кездері «Канеломен» ара қатынасының нашарлап, бір-бірін сынап жүргендерін де жасырмады.
Осы кезге дейін мексикалық боксшылардың арасында ешқандай түсінбеушілік болмайтын. Олар бір-бірін қолдап жүретін. Проблеманың бәрі ақпан айында басталған деседі. Сол уақытта Райан Гарсия жаттықтырушысы Рейносодан кетіп, Джо Гуссеннің қол астында жаттыға бастаған.