×

Сәтбаевта сәлафизмнің дамуына Назарбаев мүдделі болып, Сатыбалды қамқорлық жасады – экс-әкім (ВИДЕО)

Олар бір шеті ҰҚК-ге барып уағыз айтуға дейін қол жеткізді

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2022 | 10:11

Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі Әнуар Омаров Сәтбаевта сәлафиттердің ең жоғары саяси элита арасында қамқоршылары болды деп мәлімдеді. Бұл туралы «Сұрауы бар» YouTube арнасында жарияланған «Сәтбаев: мыс, миссионерлер және діни экстремизм» шағын деректі фильмінде айтылады.

Олардың Қазақстанға келіп, қоғамымызға сіңіп кетуіне сол кездегі президенттің өзі мүдделі болды ма деп ойлаймын. Назарбаевтың мүдделі болғандығы, оған Қайрат Сатыбалдының қамқорлық жасауы, мүмкін енді басшылық жасауы деп айтуға болатын шығар, - дейді Сатбаев қаласын 2013-2016 жылдары басқарған экс-әкім Әнуар Омаров.

Сондай-ақ Ұлытау ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы, әрі Сәтбаевтың бүрынғы әкімі діни ағым өкілдері күштік құрылым қатарында да уағыз жүргізгенін айтады.

Олар бір шеті ҰҚК-ге барып уағыз айтуға дейін қол жеткізді ғой мысал үшін. Егер сол жерде Қайрат Сатыбалды басшы болып тұрмаса, олар оны істей алар ма еді? - дейді ол.

Бұрынғы шенеунік қазба байлыққа бай Ұлытау өңірінде теріс діни идеологияның таралуы мақсатты түрде жүргізілген саясат деп отыр.

«Жалпы халықты бұйығы болса екен, ешқандай да сұрақ, талап қоймаса деп ойлау – қай уақытта да билікке тән нәрсе. Сәлафизм сияқты радикалды бағыттардың өркениет, ғылым, технологияның жетістіктерін мемлекетті дамытуға қолдану деген сияқты нәрселерден бұрып алып кететіні белгілі ғой. Сонда саналы түрде қасақана жасады деп айтуға болатын шығар», - дейді Әнуар Омаров.

Сұхбаттың толық нұсқасы видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама