Halyq Uni логотип
×

G7 лидерлері Путинді Кременчуг үшін айыптады

Ресей президенті сыбайластарымен бірге жауапқа тартылады

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 14:43
G7 лидерлері Путинді Кременчуг үшін айыптады
фото: smotrim.ru

«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Кременчугті бомбылағандары үшін Путинмен бірге біраз әскеридің жауапқа тартылатындарын мәлімдеді.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Германияның Бавария жерінде саммитке қатысқан G7 лидерлері Кременчугтегі сауда-ойын сауық орталығына соққы беруге қатысты мәлімдеме жасады. Онда осы қылмыс үшін Ресей президенті Владимир Путин мен оның барша сыбайластарын жауапқа тарту қажеттігі айтылған.

Біз, G7 лидерлері, Кременчугтегі сауда орталығына жасалған шабуылды айыптаймыз. Біз осы аяусыз шабуылдың салдарынан қаза тапқан жазықсыз құрбандар үшін Украинамен бірге қайғырамыз. Кінәсіз бейбіт тұрғандарды айырмай шабуыл жасау әскери қылмыс. Ресей президенті Путин мен басқа жазықтылар жауапқа тартылатын болады, – делінген мәлімдемеде.

Ресей оккупанттары 27 маусым күні Кременчугтегі «Амстор» сауда орталығына екі рет ракетамен соққы жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама