×

«Жерге түссеңші бір»: Головкин «Канелоға» ақыл-кеңесін айтты

Мексикалық боксшы украин Александр Усикті де жеңетініне сенімді

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2022 | 17:46
фото: allboxing.ru

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестің Александр Усикпен жұдырықтасуға дайын дегеніне қатысты пікір білдірді.

Ол «Канелоның» украин боксшысы Александр Усикті жеңетініне күмінданатынын айтып, аспанда көп қалықтамай, жерге түсуге ақыл-кеңесін берді.

«Мен «Канеломен» тек орта салмақта жұдырықтастым. Ол дивизионда комбинацияларды жылдам жасайтын. Ауыр, нокаутқа түсіретін соққы болмады. Оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Оның кейінгі айқастарында, деңгейі басқаша болды. 

«Енді менің күшім артты, бірінші ауыр салмақта жұдырықтасуға, Усикті жеңуге дайынмын» дегенде біршама адасу бар. Біраз жерге түсіп адам болу керек», - деді Головкин.

Бұған дейін хабарланғандай, мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинді нокаутқа жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Енді Александр Усикпен кездессем, оны да ұрып жығаман деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама