Кременчугті бомбалаған ресейлік әскерилер анықталды
Бұл оқиға – Еуропа тарихындағы ең ірі террорлық акт
Полтава облысындағы Кремунчуг қаласының бейбіт тұрғындарын бомбалау Еуропа тарихындағы ең ірі террорлық акті болып отыр.
Бұл туралы «УНИАН» хабарлады.
Осы кезге дейін мұндай террорлық шабуыл қарт құрлықтың ешбір елінде ешбір жерінде болған емес. Ресей бомбардировщиктері қаланың үлкен сауда орталығын бомбылаған. Соның салдарынан әзірше 25 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны белгілі болды. 60 адам түрлі жарақаттармен ауруханаларға түсті. Үйіндінің астынан әлі де адамдар алынып жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары Кременчугтегі «Амстор» сауда-ойын сауық орталығына ракета тастаған ресейлік әскерилердің кімдер екенін анықтады. Олар 52-гвардиялық ауыр бомбардировкалық авиация полкында қызмет ететін Ту-22м3 стратегиялық бомбардировщиктері болып шықты. Бұл – Калуга облысындағы Шайково кентінде орналасқан 33310-шы әскери бөлім.
Зерттеуді жүргізген InformNapalm ақпараттандыру және зерттеу орталығы сауда-ойын сауық орталығын тап осы Ту-22м3 ұшағының Х-22 ракетасымен атқылағанын хабарлады. Полкты полковник Олег Тимошин басқарады. Оның осы қылмысқа тікелей қатысы бар. Ал 33310 әскери бөлімнің авиациялық жасағының командирі майор Алексей Иваненко екен.