×

G7 елдері Украинаға Ресеймен соғыс біткенше көмек беруге келісті

Қаржылық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық қолдаулар көрсетіледі

 Дастан Жұмабекұлы 28.06.2022 | 09:44
фото: ren.tv

«Үлкен жетілік» елдері лидерлерінің саммитінде АҚШ, Канада, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапонияның басшылары Украинаға Ресеймен соғыста үздіксіз көмек беру жөнінде ортақ келісімге келді.

Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Мемлекет басшылары саммиттің қорытынды мәлімдемесінде Украинаның Ресей басқыншылығынан өзін қорғауы үшін үздіксіз қолдау көрсетуді өз міндеттемелеріне алатындарын атап көрсетті.

Біз Украина тарапына қанша және қашанға дейін қажет болғанынша қаржылық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық қолдаулар көрсетіп тұруды жалғастыра береміз, – делінген құжатта.

Саммит біткеннен кейін Ұлыбританияның Пһпремьер-министрі Борис Джонсон мен Францияның президенті Эммануюэль Макрон оңаша кездесіп, Украинадағы соғыста Ресейге қарсы қимылды күшейту жөнінде келісімге келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама