«Жаңаөзенде оқ атылғаннан кейін Қазақстаннан үмітімді үздім» - Дания қазағы
Акбар Аюби еуропалықтардың Қазақстан жайлы көзқарасын айтып берді
Дания қазағы Акбар Аюби Halyq Uni сайтының YouTube арнасына берген сұқбатында еуропалықтардың Қазақстанға деген көзқарасы жайында айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстан сырт елдерге жемқорлықпен танылған. Тіпті, «Қазақстан» орнына көбі «Borat country» деп қолданатынын, тарихи отанының репутациясы еуропалықтар арасында тым төмендеп кеткенін жеткізді.
Қазақстан деген мемлекетке (Еуропада) ешбір құрмет жоқ. Еуропа халқы да, билігі де «аурулардың мемлекеті» дейді. Бұл жерде олар Қазақстанның халқын меңзеп отырған жоқ, керісінше елді тонап, миллион емес, миллиардтар ұрлағандарды айтып отыр», - деп түсіндірді ол.
Даниядағы қандасымыз қазір балаларының да елге барғысы келмейтінін айтты.
«Көбіне сол балалардың арқасында үшін баратын едік. Балаларымыз ес жия бастағаннан кейін, олардың сыныптастары «Италияға бардық», «Испанияға бардық» деп келсе, біздің балаларымыз «Қазақстанға барып келдік» дегенге ұялатын болды», - дейді ол.
Данияда жемқорлыққа қылмысына баратын адамдарды қадір-қасиеті жоқ, өте төмен деңгейлі адам санатына жатқызады екен. Ол балаларының да, өзінің де көңлі қалғанын жасырмады. Дегенмен, туған топырағына, Атамекеніне деген сағынышы барын жасырмады.
Акбар Аюби 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстаннан «көңілі қалғанын» жасырмады.
Жаңаөзенде оқ атылды. Мен содан кейін Қазақстанға қайту жайлы үмітімді үздім. Қазақ қазаққа оқ атып жатқан жерге барып істеймін?!, - деп қосты ол.