×

«Кәрім Мәсімов 4 млн гектар қазақ жерін Қытайға бермек болған» – Арман Шораев

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мемлекетті шайқалтудың алғашқы қадамын осыдан 8 жыл бұрын бастаған

 Қанат Атаманов 24.06.2022 | 21:30

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев «Сұрауы бар» YouTube арнасының жүргізушісі Ербол Сейілханға берген сұхбатында Кәрім Мәсімовтің Қазақстанды іштен ыдыратып, билеп-төстеуді көздегенін айтты. Оның сөзінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мемлекетті шайқалтудың алғашқы қадамын осыдан 8 жыл бұрын бастаған.

2016 жылы елімізде жер дауы болғанда Кәрім Мәсімов 4 миллион гектар жерді Қытайға бере салуға барлығын дайындап қойды ғой. Жерді былай қойғанда 1 гектарға Қытайдың екі азаматы квота арқылы Қазақстанға ресми түрде кіре алатын еді. Сонда 8 миллион қытайлық біздің елге көшіп келе алар еді. Көшіп келген соң он жылдың ішінде ол 14 миллион болып шыға келер еді. Сонда Қазақстан шынымен өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалуы әбден мүмкін болды- дейді Арман Шораев.

Қоғам белсендісі қазақтың жауы – Кәрім Мәсімов екенін сол кезде де жазғанын айтады. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы шетелдік агент болуы мүмкін деп есептейді.

«Ол қандай елдің агенті екенін тергеу анықтайды деп ойлаймын. Кәрім мырза Қазақстанды бөлек мемлекет ретінде ешқашан мойындаған емес. Мүмкін бір келісімдер болды ма, Қазақстанды ыдыратып, басқа елдің бөлшегі ретінде өткізе салғысы келді ме екен. Және сол жерді басқару деген сияқты ойлары болған болуы мүмкін» - деді Арман Шораев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама