Сол кезде Украинаның әскері қарсы шабуылға шығып, жерлерін азат етеді
Соғысты зерттеу институтының сарапшылары Ресей әскерінің шабуылдары алдағы апталарда тоқтайтынын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Институт сарапшы-талдаушылары Ресей басқыншыларының украин жеріндегі шабуылдарының жақын арадағы апталарда тоқтап қалатынына, бұл украин қорғаушыларына қарсы шабуылға шығуға мүмкіндік беретініне болжам жасап отыр.
Сонымен бірге олар қазір екі елдің шекарасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Беларусь әскерилері Украинаға шабуыл жасай қоймайтынын, алайда, әртүрлі арандатушылықтарға барулары мүмкін екенін айтады.
Институт соңғы бірнеше аптада Ресей әскерлерінің Северодонецк-Лисичанск ауданында айтарлықтай табыстарға жеткендерін, бірақ ілгері жылжи алмай жатқанын атап өтті.
Аналитиктердің айтуынша, Ресейдің Северодонецк-Лисичанск аудандарын басып ала алғанына немесе ала алмағанына қарамастан, оккупанттардың шабуылдау операциялары жақын апталарда тоқтайды. Осының нәтижесінде Украина Қарулы күштері жойқын қарсы шабуылға шығып, басқыншылар басып алған аудандардың бәрін қайтарады.