×

«Барлық шешім қабылданды»: Тоғжанов Торғай облысы туралы айтты

Мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 13:36
Көрнекі фото

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Торғай облысын қайта құру туралы мәселеге пікір білдірді.

Қазір мен мұндай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын. Арқалық қаласында халық өте аз. Сондықтан мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Облыстарды бөлуге қатысты барлық шешім қабылданды, - деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай облысын қайта құруға қатысты өз ойын айтқан еді. Ол  жаңа облысты құру туралы шешімді жергілікті органдар емес, Президенттің шешетінін айтты.

Торғай облысы алғаш рет 1970 жылы құрылып, орталығы Арқалық қаласында болды. 1988 жылы 2 маусымда облыс таратылды. Ал 1990 жылы 17 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының қаулысымен облыс қайта құрылды. Бірақ жеті жылдан кейін 1997 жылы 22 сәуірде Қазақстанның тұңғыш президентінің жарлығымен облыс қайта таратылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама