×

Ералы Тоғжанов әкімдердің қымбат заттарына қатысты пікір білдірді

Оған  Президент әкімшілігі ғана сөгіс бере алады

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 11:37
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілісте қымбат сағат туралы журналистердің сұрағына жауап бермеген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа қатысты пікір білдірді.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Нұрлыбек Нәлібаев түсініктеме берген.

Менің ойымша, онымен сөйлесуге әлі мүмкіндігіңіз көп болады. Оған сөгіс беріле ме, әлде берілмей ме, ол Президент әкімшілігіне қойылатын сұрақ, - деді Тоғжанов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысы әкімінің сағатының бағасы қызу талқыланған еді. Одан кейін Нұрлыбек Нәлібаев сағатты мемлекеттік қызметке келмес бұрын сатып алғанын, облыс әкімі болмас бұрын бизнеспен айналысқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама