Финляндия Ресеймен соғысуға дайын отыр

Дастан Жұмабекұлы

Оның қанатты ракеталары 370 шақырымға дейін барады

фото: ria.ru

Финляндия Қорғаныс күштерінің қолбасшысы генерал Тимо Кивинен Ресей әскерлері басып кіретін болса, онымен соғысуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Финляндия Ресеймен соғысқа ондаған жылдар бойы дайындалды. Егер соғыс бола қалса, Отанымызды қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз. Біздің елде әскери техниканың айтарлықтай арсеналы жинақталып қалды. Бұған қоса финдердің соғысуға дайын отыр, – деді ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Генералдың айтуынша, НАТО-ға кіру елге қосымша қауіпсіздік береді.

Сұхбатта генерал 1940-жылдары Финляндия ежелгі жауымен екі рет соғысқанын еске түсірді. Ол соғыста 100 мың адамынан және территориясының оннан бір бөлігінен айырылып қалғанын айтты.

Финляндия мұны ұмыта қойған жоқ. Сондықтан Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері жауынгерлік дайындық жасап келеді. Қазір Финляндияда 5,5 млн халық тұрады. Екі елдің 1300 шақырымға созылған шекарасы бар. Әскери қызметкерлеріміздің саны 280 мың.  Бұдан басқа тағы 870 мың адамның резервте тұр. Қорғаныс министрлігі 18 мамырда жүргізген сауалнамада қажет бола қалған жағдайда Финляндия халқының 82 пайызы қолдарына қару алып, Отан қорғауға дайын екенін көрсетті, – деді Тимо Кивинен.

Кивиненнің айтуынша, суоми елі Еуропадағы ең қуатты артиллерияның бірін жасап шығарды. Оның қанатты ракеталары 370 шақырымдық қашықтыққа дейін барады. Өзінің жоғары зенит техникасын Ресеймен шекараға қойып, қорғаныс жүйесін қалыптастырып жатыр.

Ел жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын қорғанысқа жұмсайды. Мұндай жоғары көрсеткіш НАТО-ның бірде-бір елінде жоқ.