Halyq Uni логотип
×

Израиль офицері украин әскерінің құпиясын айтты

Олар Бас штабқа қарай бермей, мәселені өздері шешіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 15:40
Израиль офицері украин әскерінің құпиясын айтты
Көрнекі фото

Израиль Қарулы күштерінің офицері украин әскерлерінің Херсон облысында Ресей басқыншыларынан басым болып жатқанының құпиясын айтып берді. Бұл туралы «Диалог» хабарлады.

Израиль Қарулы күштерінің офицері, соғыс сарапшысы Григорий Тамар ITON.tv телеарнасының эфирінде украин армиясының Херсон бағытында Ресей әскерін қуа бастауына мүмкіндік беріп жатқан бірнеше факторды атап көрсетті.

«Украин армиясының Херсон облысында ілгері жылжуы жаяу әскерлер құрамаларының түнде шабуылға шығуға негізделген тактикасында жатыр», – деді ол.

Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері үшін тиімді әдіс түнгі шабуыл болып тұр.

«Украиндарда бронды техника болған күнде де, ашық алаңға шыққаннан кейін оларды Ресей авиациясы талқандап тастайтын еді», – деп ескертті ол.

Сонымен бірге Тамар Ресей армиясында Украина Қарулы күштеріне қарағанда, түнде көру жабдықтарының болмай жатқанын, осының өзі украин қорғаушыларын шайқаста басымдық беріп отырғанын айтты.

«Украин әскерилерінің тағы бір артықшылығы – олар жоғары қол басшылыққа қарап отыра бермей, мәселенің бәрін жергілікті жерде тез шешіп жатыр. Одан басқа, украиндар АҚШ пен Ұлыбританияның спутниктік барлау қызметінің деректерін қолма-қол алып, жаудың дислокациясын біліп, көріп отыр.

«Украина армиясында децентрализация бар. Яғни, бригада командирлері Бас штабқа жалтақтап қарап отыра бермей, жергілікті жағдайларға қарай мәселелерді өздері шеше береді. Бұл сатқындық немесе билікке бағынбаушылық дегенді білдірмейді.  Мұндай жүйе бізге, израильдіктерге жақсы таныс. Бізде де тап осындай өзін өзі басқару элементтері бар», – деді Григорий Тамар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама