×

Қазақстанға «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімсіз – Бағдат Мусин

Министрдің айтуынша, мұндай жобаны жүзеге асыру үшін қомақты қажарат керек

 Дәурен Ерболат 22.06.2022 | 13:02
фото © Нұрдәулет Әбікен

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміз үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстан үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді емес. Себебі, бұл жоба әлемде танымал болуы керек. Бізге DIDI деген такси жобасы кіргісі келді. Алайда олар нарыққа кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, «Яндекс. Таксиге» төтеп бере алмады. Ол миллиардтаған қаражатты талап етеді. Ондай ақшаны мемлекет бөле алмайды ғой. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар әлем бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздейді. Олар жасанды интеллект, карталар бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді», - деді министр Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Цифрлық даму министрі шетелдегі қазақстандық IT-мамандардың басын қосып жатқанын атап өтті.

Қазір чатта 300-ге жуық адам жиналды. Біз оларды Қазақстанға керекті өнімдердің тиімділігін, бизнес жобалар бар екенін түсіндіру үшін тартып жатырмыз, - деп түйіндеді сөзін ведосмство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама