Украиналықтардың 93 пайызы соғыста жеңетіндеріне сенімді
Сауалнамаға жастары 18-ден асқан 120 адам қатысқан
Украиналықтардың басым бөлігі қарулы күштерінің елден Ресей басқыншыдарын қуып шығып, жеңіске жететініне сенім білдірген. Бұл туралы gordonua.com хабарлады.
Украиналықтардың абсолютті көпшілігі – 93 пайызы Украинаның Ресеймен соғыста жеңіске жете алатынына сенімді. Мұны «Рейтинг» социологиялық тобының 20 маусымда жүргізілген сауалдамасы қорытындысы көрсетіп берді, - делінген хабарламада.
Сауалға жауап берушілердің тек 6 пайызы ғана соғыста Украина Ресейдің шабуылына тойтарыс бере алмайды деп есептейді. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан адамдардың 1 пайызы нақты жауап бере алмаған.
Тағы бір айтатын нәрсе, өз әскерлерінің жеңіп шығатындарына сенімді украиналықтардың қатары біртіндеп көбейіп келеді. Мысалы, бұл көрсеткіш қаңтарда – 56, ақпанда – 58, наурызда 64 пайыз болған.
Маусымның 18-19 күндері жүрізілген сауалнамаға жастары 18-ден асқан 120 украиналық қатысқан.