Талғар ауданының басшысы Тоқаевқа шағымданған зейнеткерді сотқа берді
Аудан әкімі мен зейнеткер арасындағы сот процесі 4 шілдеге белгіленді
Клара Хасанова есімді зейнеткер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаевқа хат жолдап, Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіхановтың үстінен шағымданған.
Алайда, аудан әкімі зейнеткердің бұл үндеуін жеке басын қорлау деп санайды. Осылайша, Талғар ауданының басшысы хаттағы ақпаратты теріске шығаруды талап етіп отыр. Әкімнің ойынша, зейнеткер осы хаты арқылы оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірген. Әбдіханов шағымнан келген моральдық шығынды жарты миллион теңгеге бағалап отыр.
Зейнеткер үндеуінде Талғар ауданы әкімінің отставкасын талап текен. Хатта Талғар ауданында басқарудың иерархиялық жүйесі қалыптасқаны анық айтылған. Бәрі Талғар ауданының экс-әкімі Әлихан Тойбаевтан басталған көрінеді. Ол Алматы облысы әкімінің орынбасары болып, кейін Мәжіліс депутаты атанған. Оның қызметтік мансабы өскен соң орнын інісі Әбіғани Тойбаев басқан, кейін Талғар ауданының әкімі қызметіне Қайдар Әбдіханов (Тойбаевтың ұлы – ред.) жайғасқан.
Бұл үндеуім үш экземплярдан тұратын. Ол туралы тек үш адам ғана білуге тиіс еді – мен, Тоқаев, Бозымбаев және әрине, әкімнің отставкасын талап еткен 160 адам. Әбдіхановтың мамандығы – мал шаруашылығы, ол жұмысын дұрыс білмейді. Бізді мүлдем тыңдағысы келмейді, оған қаншама рет жүгінсек те, бізді көзіне де ілмейді, - дейді зейнеткер.
Зейнеткердің айтуынша, Әбдіханов басқарған 10 айда 12 адам басшылық қызметтен босатылған және бос орындарды аудан басшысының туыстары мен достары иемденіп алған.
Сондай-ақ, зейнеткер Мемлекет басшысына жасаған үндеуінде сапасыз жолдар, ағаштарды отау, зираттардың жеке қолға өтуі, электр энергиясы, интернет мәселелерін де көтерген.
Аудан әкімі мен зейнеткер арасындағы сот процесі 4 шілдеге кейін қалдырылған.