×

«Қазақша меню жоқ, болмайды да!»: дәмхананың әкімшісі журналиске дөрекі жауап берді

Соғыс болса екі қолын көтеріп, сатып кететіндер ғой

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2022 | 18:00
фото: Дина Имамбайдың Facebook-тегі парақшасынан

Белгілі журналист Дина Имамбай әлеуметтік желіде Алматыдағы «Сәнім» дәмханасынан мемлекеттік тілдегі ас мәзірін ала алмай, кафе әкімшісінің өзіне дөрекі жауап бергенін жазды.

«Ұнамаса кетіп қал» деген сөз сәнге айналыпты. Момышұлы көшесіндегі (Райымбек көшесінен сәл төмен) «Сәнім» кафесінің администраторы қазақша ас мәзірін сұраған маған «бұл жер ұнамаса басқа жаққа барыңыз. Қазақша меню жоқ, болмайды да! Орыс тілі бізге жеткілікті. Ол қазақ тілімен бірдей қолданылады», деді. Ал көрші үстелде отырған қазақ келіншек «қазақшаның не керегі бар? Орысша болса болды емес пе? Бізге бәрібір», деп администраторды жақтады.

Мыналар соғыс болса (беті аулақ) екі қолын көтеріп, сатып кететіндер ғой», - деді ол.

Осыдан кейін ол дәмхананың даяшыларына қазақша ас мәзірі жөнінде ескерткенін, бұл кафеде халал, даяшы қыздар орамалға оранып, жігіттердің тақия киетінін айтып, мұның өзі олардың түсінігінде тек діни мағынаға ие екенін айтты.

«Қазақ тілінің түкке керегі жоқ. Өткенде орамал дауы болғанда осыны түсіндіре алмап едік, мінеки ендеше», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама