28 адам жан тапсырды
Луганск облысындағы Северодонецк қаласында соңғы аптада 28 «қадыровшы» оққа ұшты. Бұл мәліметте журналист Роман Цимбалюк таратты.
Северодонецк үшін болған тек өткен аптадағы (13-19 маусым) шайқаста «Ахмат» (Шешенстан Республикасы) жасағының 28 әскери қызметкері жойылды. Жараланғандар саны кемінде 47-ге жетті, – деді ол.
Роман Цимбалюк Facebook-тегі парақшасында Северодонецкіні басып алғысы келіп, өздері қаза тапқан кадыровшылардың аты-жөндерін де атап көрсетті. Олар: Махмуд Долдаев, Мовла Мусаев, Ховажи Бакмурзаев, Магомед Иблиев, Малик Джабраилов, Зайнул Любхан, Аслан Яндиев және басқалар.
Журналист «қадыровшылардың» ешқашан майданның алдыңғы шебінде украиндармен бетпе-бет соғысып көрмегенін, кілең артта, тылда жүретіндерін, соған қарамастан шығынға ұшырап жатқандарын атап көрсетті.
«Ахмат» жасағы тікелей шайқасқа араласпайды, олар басқыншылар басып алған жерлердегі көшелер мен үйлерді тазалауға ғана қатысады, – деп жазды Цимбалюк.
Северодонецкіде кескілескен шайқас әлі болып жатыр.