«Біреулер өлтіргісі келді» : Жириновскийдің баласы әкесінің қазасы туралы айтты

Дастан Жұмабекұлы

Күмән тудырған жағдай өте көп

коллаж: Halyq Uni

Ресей Либерал-демократиялық партиясының бұрынғы төрағасы Владимир Жириновскийдің некесіз туған ұлы, кәсіпкер Олег Эйдельштейн алғаш рет әкесінің қазасы туралы пікір білдірді.

Ол «Андрей Малахов. Прямой эфир» бағдарламасына берген сұхбатында әкесінің жанында соңғы демі таусылғанша болғанын айтты.

Мен әкемнің ауруханаға түскенін журналистерден білдім. Содан кейін бірден ауруханаға барып, бірнеше апта қарайласып жүрдім. Ол маған саусағымен еденді көрсетіп, ант мезгілінің жақындап қалғанын айта беретін. Мен оны жұбатып, үйге әкетемін деп айтып отырдым, - деді ол.

Оның айтуынша, туған-туыстары әкесінің аурудан құлан таза айығып шығатынына сенген.

Әкемнің беті қараған кезі болған. Біз соған қуанған едік. Сосын жағдай тіптен қиындап кетті. Өкінішке қарай, біз оны өлім аузынан құтқара алмадық, - деді Эйдельштейн.

Сонымен бірге ол әкесінің көңілін сұрап барған кезде күмән тудырған бір жағдайдың болғанын да жасырмады.  

Әкем топырақ, жер туралы көп айта беретін. Бір күні көміліп кетемін ғой деген ойын ашық айтты. Содан кейін оны біреулер өлтіргісі келеді деген әңгіме шықты. Оны туыстарымыз ғана айтып жүрді, - деді ол.

Сұхбатта Олег Эйдельштейн әкесін емдеуге қолда бар жағдайдың бәрі жасалғанын, дәрі-дәрмекті шетелден әкелгенін айтты.  

Мен шетелде емдесек қайтеді деп едім, ол бірден қарсы болды. «Мен Ресейде ғана емделемін», деді. Соған біз келістік. Келіспей қайтеміз енді?!, - деді сөз соңында Жириновскийдің баласы.

Олег Эйдельштейннің анасының аты - Жанна Газдарова. Ұлты – осетин. Жириновский онымен Кубада тарнысқан. Олег - Жириновскийдің некесіз туған ортаншы баласы.