Halyq Uni логотип
×

«Әйел болса да, окоптан шыққан адам министр болсын». Бақытжан Ертаев Қорғаныс саласын басқарғандар жайлы айтты

Халық қаһарманы бірде-бір кәсіби генерал министр болып отырмағанын сынға алды

 Ая Өміртай 21.06.2022 | 10:08

Қорғаныс жүйесін кім қөрінген басқарып кетті. Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұқбатында Қорғаныс жүйесіндегі біраз шикілікті айтты.

«Қарулы күштерімізге қарап менің жаным ауырады. Бізде кім министр болмады? Даниал Ахметов, Иманғали Тасмағамбетов, Әділбек Жақсыбеков, қазір Ішкі істер министрлігінен отыр (Руслан Жақсылықов ред). Бізден, өз ішімізден табылмады ма? Ішкі істер министрлігіне қарсылығым жоқ. Руслан Фатихұлы менің қолымда өскен бала. Қазіргі министрді айтамын. Ол – барлаушы», - дейді Бақытжан Ертаев.

Ертаевтың айтуынша, бұл азаматтар  Қорғаныс министрі болса да тікелей бас штабтан шыққан, әскери адамдар емес. Бақытжан Ертаев «ол тіпті әйел адам болса да Қорғаныс министрі ретінде нағыз әскери жүйені іштей білетін адам отыруы керек» деп есептейді.

«Қазір бізде бірде-бір кәсіби генерал министр болып отырған жоқ. Қарулы күштер ойыншық емес. Сахнадағы әртіс емес. Әрбір режиссер басқара алмайды. Ол - сарбаз, ол - Отанды қорғаушы. Сондықтан окопта болып, солдаттың тамағын жеп, содан өсіп шыққан сарбаз полкты басқаруға тиіс. Одан кейін министрлікке келгені дұрыс. Қорғаныс министрі әйел болуы да мүмін. Бірақ штабтан шыққан. Себебі штаб – стратегия», - дейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама