Halyq Uni логотип
×

«Дүниемнің бәрін саттым». Бақытжан Ертаев өмірдегі өкініші жайлы айтты

Генерал-лейтенант туған ауылына қайырымдылық жасағанын жеткізді

 Ербол Тұрымбет 20.06.2022 | 18:10

Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев бүгінде шамасы жеткенше қайырылымдылықпен айналысып жүр. Яғни, азаматтық парызы ретінде туған жері - Жамбыл облысына қарасты Жуалы маңындағы қазіргі «Ертай» деп аталатын ауылда мешіт пен көпір салып, тіпті таза суға дейін жүргізіп беріпті. Ол үшін жиған-тергенінің барлығын сатқан. Сауапты ісі жайында генерал «Сұрауы бар» YouTube арнасында айтып берді.

«Өкінетін дүние көп. Бірінші балам қайтыс болды. Одан кейін екінші балам да дүниеден өтті. Ауған соғысына амал жоқ командир ретінде бардық. Соның бәрі жүректі ауыртты. Ауылдарда кейбіреулер кафе, мейрамхана салады. Мен бүкіл дүниемді сатып, марқұм балама бағыштап туған ауылымда мешіт салдырдым. Қазіргі Ертай ауылында, Жуалыда. Ел рақметтін айтып жүреді. Ұлытай деген кісі бер еді, сол: «Ал енді Бақытжан бізге көпір салып бер», деді. Көпір соқтым, ел батасын берді. Кейін «Су шығарып бер», деді, су да шығарып бердім. Қазір сол ауылдың аты 12 жылдан бері - Ертай ауылы. Менің әкемнің әруағы бір аунап түскен шығар», - дейді генерал толғанып.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама