×

«Единая Россия» хатшысы Тоқаевтың мәлімдемесіне қарсы пікір білдірген ресейлік депутатты сынға алды

Тоқаевтың Петербор форумындағы сөзінен кейін Мемлекеттік дума депутаты Константин Затулин мәлімдеме жасаған еді

 Ербол Тұрымбет 19.06.2022 | 15:29
Андрей Турчак, фото: ER.RU

Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктері өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасаудан аулақ болуы керек. Бұл туралы «Единая Россия» бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак айтты.

Андрей Турчак ДХР мен ЛХР-ді мойындамайтыны туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Петербордағы форумдағы мәлімдемесіне «баға берген» РФ мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Константин Затулиннің сөзіне түсініктеме берді.

«Тоқаевтың ДХР мен ЛХР мәртебесіне қатысты айтқан сөзіне әртүрлі көзқарас болуы мүмкін, бірақ бұл елдің ресми тұлғаларына БАҚ арқылы арандатушылық сипатта түрлі мәлімдеме жасауына себеп болмауға тиіс. Константин Федорович алдымен өз комитетінің жұмысына назар аударуы керек еді, оның ішінде ең маңыздысы бұрынғы КСРО елдерімен қарым-қатынасты нығайту», - деді Андрей Турчак.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петербор халықаралық экономикалық форумының алаңында, Қазақстан туралы қисынсыз пікір айтатын Ресей депутаттарына қатысты шағым білдірді.

«Мен бірқатар ресейлік депутаттардың айтқанына қатысты наразылығымды білдіргім келеді. Қазақстан атына мүлдем қисынсыз сөздер айтылды. Мәселен, журналистердің, тіпті мәдениет қайраткерлеріеің Қазақстанға қарата айтқан даулы мәлімдемелері дер едім», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама