×

Халық қорға ақша аудармауы керек, керісінше алуы керек – Олжас Құдайбергенов

Белгілі экономист жаңадан құрылған қорға бір күндік жалақыны аудару үрдісіне қарсы

Олжас Құдайбергенов, фото: voxpopuli.kz

Жаңадан құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, экономист Олжас Құдайбергенов қорға бір күндік жалақыны аудару үрдісіне қатысты пікір білдіріп, бұл тәжірибені тоқтату керек екенін айтты.

Қор кеңесінің мүшесі халық «Қазақстан халқына» қорына ақша аудармай, керісінше алу керек екенін айтты.

Мемлекеттік қызметшілер немесе жеке компаниялар бір күндік жалақысын аударатын үрдіс байқалады (қорға - еск.). Бұл қор мүлде бұл мақсатқа арналмаған. Қор бір кездері салықтан жалтарып, ақшасын шетелге шығарып, енді азаматтық санасын көрсетуге дайындар үшін. Сондай-ақ, бай адамдар мен заңды кірісі бар компаниялар да аудара алады. Мүмкін, басқа да табыс көздері табылар. Аз ақша аударғысы келсе, тіпті қарапайым адамдар да жасай алатыны анық. Бірақ бір күндік жалақыны аудару үрдісін тоқтату керек, - деп бөлісті Олжас Құдайбергенов.

Президенттің тапсырмасы аясында «Қазақстан халқына» қоры құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бүгін ауа райы қандай болады?

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады
28.05.2023 | 00:00

Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын, дейді ол
27.05.2023 | 22:42

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52