«Өзгеше» подкастында шет елдерде білім алу тақырыбы сөз болды
«Болашақ» бағдарламасының түлегі Ернар Қуанышев Youtube желісіндегі «Өзгеше» подкастында АҚШ компанияларының корпоративтік тәртібіне тоқталды. Оңтүстік Калифорния университеті түлегінің айтуынша, АҚШ-та жасыңыз бен тәжірибеңізге қарамай, кез-келген уақытта қателігіңіз үшін қызметтен шығара салады.
«Бірнеше жыл өміріңізді арнап, жұмыс жасаған компания сізбен кез келген уақытта оп-оңай қош айтысуы мүмкін. Тіпті, жеке заттарыңызды жинап, сыртқа шыққаныңызға көз жеткізу үшін күзетшілер жаныңызда күтіп тұрады. Оны – нарықтық қарым-қатынас деп атайды», - дейді сарапшы.
Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасының түлегінің айтуынша үлкен компаниялар қызметкерлері жұмыс уақытында жеке шаруаларымен сұранып кете алмайды.
«Америкадағы корпоративтік мененджемент – өте қатал. Ол сізді негізгі жұмыс уақытыңыздан бөлек тағы 2-3 есе артық жұмыс жасауды талап етеді. Мысалы, сіз тойға барамын деп сұранып кете алмаймыз», - дейді «Болашақ» түлегі.