×

Тілге құрметті құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетейік – Мемлекет басшысы

Қазақ тілі - ғылымның, техниканың, бизнестің тілі болу керек

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2022 | 18:06
фото: ҚазАқпарат

Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамытудың жолдарын айтты.

Ол ана тіліміздің ғылымның, техниканың, бизнестің тілі болу керектігін ескертті.

«Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте, Президент тіл мәселесінде отандастарымыз ұстамды болып, тілге құрметті  құр сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, ол ғылым мен оқу ағарту жүйесінде маңызды өзгерістердің керектігін жеткізді.  

«Қазақ тілі - ғылымның, техниканың, бизнестің тілі болуына үлес қосайық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама