×

Қазақ еліне +1 мейрам: Тоқаев тағы бір күнді «қызыл дата» етуді ұсынды

Ол елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек

 Еркеғали Болатұлы 16.06.2022 | 17:20
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн екенін айтып, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадам. Алайда мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні мерекесі де сақталып қала беретінін айтты.

«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама