×

Бизнесмен Ұлытауда еркін экономикалық аймақ құруды ұсынды

Сонымен бірге жаңадан құрылған облыстарды дамытуға байланысты ойын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2022 | 16:55
Көрнекі фото

Белгілі кәсіпкер, Ұлттық құрылтай мүшесі Сырымбек Тау жаңадан ашылған облыстарда білім мен денсаулық саласын жетілдіріп, Ұлытауда кәсіпкерлікті дамыту туралы ұсынысын айтты.

«Жаңадан құрылған 3 облысқа бір-бір ұсыныс жасар едім. Бір облысымызды Білім облысы етіп, сол жерге әлемнің озық университеттерін ашсақ деймін. Екінші бір облысымызды Денсаулық облысы жасап, үздік ауруханаларды сонда орнатсақ жақсы бола еді. Қазір көптеген отандастарымыз шетелге барып емделуге мәжбүр болып жүр», - деді ол.

Сонымен бірге ол Ұлытау облысында шағын және орта бизнесті дамытуды ұсынды. «Ұлытау облысындағы бір ауданды немесе бір қаланы экономикалық еркін аумаққа айналдыруды ұсынамын. Оны 2025 жылға дейін салықтан босатып, кәсіпкерлерді жаппай осында шақырып, кіші және орта өндірістерді көбейтсек деп ойлаймын», - деді кәсіпкер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама