Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық сөз болды
Ұлттық құрылтайдың мүшесі, ақын Светқали Нұржан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысына Торғай халқының аманатын жеткізді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, ол Президентке өзіне Торғай елі азаматтарының Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының келе жатқан 150 жылдық мерейтойын лайықты түрде атап өтуді туралы өтініш айтқанын жеткізді.
«Елдің бір өтінішін айта кеткім келіп отыр. Биыл ұлтымыздың ұстазы, ұлы көсеміміз Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Торғай елінің азаматтары маған аманат жүктеді. «Сен жеткізші, бұл жалғыз Торғай емес, бүкіл қазақ елінің арман-тілегі. Ахмет бәріміздің төбеміздегі алтын шырағымыз ғой. Президент оның туған топырағы Сарытүбекті бір қамқорлыққа алып, назарын салса екен. Сол жерге жол тартылып, ата қорымына құрмет көрсетіліп, қыстауының орны ертеңгі тойына дейін бір қалыпқа келсе екен» деп жатыр», - деді ақын.