Ұлытауда Әлихан Бәймен жер қойнауына қатысты ойын айтты
Алпауыт олигархтар елдің иесі – ұлт бар екенін сезе бастады
Ұлттық құрылтай мүшесі Әлихан Бәймен жер қойнауын пайдаланушыларға берілетін жеңілдіктерге ревизия жасауды ұсынды.
Адами капитал – ең басты байлығымыз. Оның экономикалық саясаттағы орны ерекше. Мемлекет басшысының монополиядан арылуға бағытталған батыл шешімдері қоғамдық психологияға да әсер етіп, алпауыт олигархтар елдің иесі – ұлт бар екенін сезе бастады - деді ол.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, одан әрі ол жер мен оның қойнауының иесі халық екенін, сол себептен келісімшарттардың жария болуын міндеттейтін заңдардың қабылданып, барлық жерасты байлығымыз елдің игілігіне қызмет етуі керектігін айтты. Сонымен бірге ол осы күнге дейін беріліп келген салықтық, кедендік, басқа жеңілдіктерге ревизия жасап, арнайы комиссия қайта шешім қабылдағанша олардың берілуін тоқтата тұруды ұсынды.