×

Экс-президент опасыздық жасаса жауапқа тартылуы мүмкін – Әділет министрі

Назарбаев үшін бөлек бап болмайды

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2022 | 14:43
фото: ашық дереккөз

Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент туралы нормаларды өзгерту қалай жүргізілетінін айтты.

Ол Парламент Сенатында БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында экс-президент үшін жеке бап болмайтынын хабарлады.

«Қылмыстық кодекс бойынша Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиеті үшін жауапкершілікті көздейтін жалпы бір бап қалады. Бұл - барлық президенттерге ортақ. Елбасы үшін бөлек бап болмайды», - деді ол.

Оның айтуынша, ел Президенті тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен бірге, Қанат Мусин Тұңғыш Президент туралы заңның күші қалай жойылатынын айтты.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, тиісінше бұл заң бәрінен алынуы керек. Бұл Конституцияда қабылданған өзгерістерге сәйкес жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы аясында болады. Биыл ол Парламенттің қарауына жіберіледі», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама