Мұнай арзандаса, экономика құлдырайды – депутат Сайыров

Халық үні

Депутаттың айтуынша, Қазақстан мұнайы барреліне 70 доллардан кем болмауы қажет

Фото: Halyq Uni

Дональд Трамп АҚШ-тың президенті лауазымына кіріскеннен кейін мұнайдың бағасы арзандайды. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «Сұрауы бар» ютуб-арнасына берген сұқбатында осылай деді.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан мұнайы барреліне 70 доллардан кем болмауы қажет. Ал Трамптың билікке келуі оның құны 40 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстан экономикасы бейтарап болуы үшін мұнай мен минералдан бөлек, өзге салаларды дамытуға басымдық беру керек.

Қазақстанның табысы тек мұнай мен минералдарға байланысты. Қазақстанның экономикасы қазірдің өзінде зардап шегіп отыр. Бізге мұнайсыз өмір сүріп үйрену керек. Мәселен, көршілеріміз мұнайсыз өмір сүруге дағдыланған. Экономикасы да мұнайсыз өмірге үйренген. Ал біз өкінішке қарай өз экономикамызды диверсификация жасай алмадық. Екіншіден мұнайдан түскен қаржының барлығы талан-таражға салынып кетті. Трамптың билікке келуі жағдайды қиындатынын сөзсіз. Себебі оның мақсаты – мұнайды барреліне 40 доллар ету. Ал Қазақстан мұнайының бағасы 70-тен түссе, экономикамызға үлкен проблемалар алып келеді, – деді депутат.

Қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,11%-ға төмендеген. Баррелі 73,83 долларды құрады. WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,74%-ға арзандады. Оның құны барреліне 70,19 долларға тең болды.

«Араб елдерінде мұнайдан түскен қаржыны қайтадан ірі сауда орындарына немесе шет елдердің компанияларына салды. Өкінішке қарай Қазақстанда мұндай болған жоқ. Біз өзіміздің металлургия және мұнай саласындағы артықшылықтарды болашақ ұрпақтың пайдасы үшін пайдалана алмадық. Қазірдің өзінде доллардың бағасы 500-ден асып кетті» – деді Сайыров.