«Қалыңдықта білім жоқ»: Өзбекстан президентінің қызы пікір білдірді
Саида Мирзиёева жастарға ерте үйлену керектігін айтты
Өзбекстан Республикасы президентінің қызы Саида Мирзиёева Сурхандарья облысындағы үйлену тойда елді елең еткізген оқиғаға қатысты пікірін білдірді.
Бұл оқиға 6 маусым күні Сурхандарья облысы Ұзын ауданы Толғытай махалласында болған еді. Содан бері 10 күн өтсе де Саида Шавкатқызы Өзбекстан Республикасы Президенті әкімшілігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі төрағасының орынбасары ретінде өз ойын айтуды жөн көріпті.
Ол Facebook-те үйлену тойда күйеужігіттің байқауда жеңіске жеткені үшін қалыңдыққа қол жұмсағанын сынап, бұған әйелдердің де белгілі бір дәрежеде кәнісі бар екенін айтты.
«Күйеужігіттің байқауда жеңіске жеткені үшін болашақ жарына қол жұмсағаны бүкіл елді елең еткізді. Бұл оқиға жер жүзіне тарап кетті. Өкінішті, әрине. Қазір енді оның қай жерде, қашан болғаны маңызды емес. Бізге мұндай оқиғаға үн қосып жатсақ, соның өзі маңызды. Егер сіздің айналаңыз осындай келеңсіз нәрселерді айыптаса, онда біздің ортамыздың өмірге көзқарасы дұрыс деуге болады. Ал егер айналаңызда «бәріне әйел кәнілі, әйел ер адамнан бір саты төмен тұру керек» деген адамдар болса, онда бұл нағыз жабайылық, надандық деп ойлаймын», - деді ол.
Одан әрі «ханның қызы» барлық адамның өркениетті қоғамда бай әрі бақытты өмір сүруді қалайтынын, алайда кейбір жағдайда нәзік жанның өзі қолда бар мүмкіндікті жіберіп алатынын атап көрсетті.
«Мен қол жұмсаған күйеужігітті сынаймын, әрине. Қалыңдыққа да жаным ашып тұр. Мұның бәрі неден шығып отыр десеңіздер, оның бәрі әуелі отбасындағы тәрбиеге байланысты. Ана-анаға баласына мектептен кейін білім алуға рұқсат беру керек. Қыз баланы тұрмысқа ерте шығарып, жас жігітті ерте үйлендіру керек. Оларға өзім білемдікті үйретпеу керек. Өз ойымен жүретін жастардың бәрі жақсылық әкелмейді. Сондықтан әйел адамға ең бастысы білім керек. Білімді әйел өзін еркін сезініп, мықты болады», - деді ол сөзінің соңында.