Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек

Халық үні

Кездесу Брюссельде 18 желтоқсанда өтеді

фото: AP Photo/Virginia Mayo

Владимир Зеленский қатысуға шақырылған Брюссельдегі еуропалық көшбасшылардың кездесуінде Украинаға Еуроодақ әскерін жіберу мәселесі талқыланады, деп хабарлайды Halyq Uni РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еуропа көшбасшылары Владимир Зеленскиймен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бейбіт жоспарларды және Украинада бітімгершілік күштерді орналастыру мүмкіндігін талқылауды жоспарлап отыр, - делінген материалда.

Басылымның хабарлауынша, 18 желтоқсанда өтетін кездесуге Германия канцлері Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Польша президенті Анджей Дуда, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен және НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатыспақ.