×

Соғысты тек Назарбаев тоқтата алады - ресейлік сарапшы

Былтыр экс-президент келіссөздер ұсынған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 17:50
фото: rbc.ru

Ресейдің «Независимая газета» басылымына жариялаған материалында Этноұлттық стратегиялар агенттігінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Кобринский экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапарына болжам жасап көрді.

Ол Назарбаевтың делдалдық қызметте үлкен тәжірибесі бар бұрынғы мемлекет басшысы ретінде Путинмен Украинадағы соғыс туралы сөйлесуге барғанын атап өтті.

«Ол Түркиямен, араб елдерімен жақсы қарым-қатынаста. Батыс әлемімен де жақсы тіл табысады. Бүгінгі күнге дейін ресми лауазымдарды атқармай-ақ жақсы делдал бола алады. Өйткені, ол халықаралық сахнада беделі зор. Путинмен де жақсы қарым-қатынаста.  Сондықтан Мәскеуде Украинадағы қақтығыс талқылануы мүмкін. Бұдан Еуропа Одағы қалай шығуды білмей отыр. Ал Назарбаев былтыр Ресей мен Украина президенттеріне келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан аумағын ұсынған болатын. Сол себептен соғысты Назарбаев тоқтата алады», – деді Кобринский.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама