×

Қазақстан мен Ресейдің достығы сақталады – Мемлекет басшысы

1992 жылғы шарттың тарихи мәні зор

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 17:25
фото: baq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресейдің достығының сақталатынын мәлімдеді. 

Әңгімеде тілшінің Мемлекет басшысына қойған сұрақтарының бірі екі елдің арасындағы достық және ынтымақтастыққа қатысты болды.  

Тілші: «Биыл Қазақстан мен Ресей арасында Мәңгілік достық туралы шартқа 30 жыл болады. Жаңа Қазақстан ескі Қазақстаннан Достық туралы шартта Ресей берген барлық кепілдіктерді ала ма?», - деп сұрады.

Оған Мемлекет басшысы былай жауап берді:

«Сыртқы істер министрінің орынбасары болған кезімде мен осы өте маңызды келісімді дайындаумен айналыстым. Әр бап бойынша ресейлік әріптестерімізбен бірге отырып жұмыс істеп, шарттың мәтінін жаздық. Одан кейін бұл шарттың орнын екі ел арасындағы Одақтастық туралы шарт алмастырды. Оған 2013 жылы Екатеринбургте қол қойылды. 1992 жылғы шарт туралы айтсам, оның тарихи мәні зор, - деді Тоқаев. 

Сонымен бірге ол мемлекеттер арасында сабақтастық толықтай көлемде сақталғанын айтты. 

«Мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттеріміздің арасында достық, одақтастық сабақтастығы толықтай көлемде сақталып отырғанын айтқым келеді. Кез келген жағдайда Мемлекет басшысы ретінде екі ел арасындағы шынайы достық өзара қарым-қатынастың сақталуы үшін барлық мүмкіндікті жасайтын боламын. Әрине, дүниежүзінде жағдай қиын. Ол үнемі өзгеріп тұрады. Қазіргі оқиғаларды осыдан 30 жыл бұрын елестету мүмкін емес еді. Бірақ, өмір бір орында тұрмайды. Біздің елдердің шекарасы - әлемдегі ең ұзақ құрлықтағы шекара. Ол бізді алшақтатпайды, керісінше жақындастырып, біріктіріп отыр. Бұл достық қарым-қатынас мәңгілік сипатқа ие болуы тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Көкшетауда жұрттың есепшотынан жәрдемақы мен зейнетақылар ұрланып жатыр

Алаяқтардың арнайы есепшоттың құпия дерегін қайдан алғаны белгісіз
03.12.2022 | 10:38

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі саудасына толық тыйым салмақ

Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр
03.12.2022 | 09:50

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын-сонды еш жерде жарияланбаған видеосы шықты

Бұл видео «Хабар» агенттігінің архивиінде сақталған
03.12.2022 | 07:34