Армения премьер-министрі ҰҚШҰ саммитіне қатысудан тағы да бас тартты
Ол ұйымға Таулы Қарабақтағы қақтығыста өздеріне көмектеспеді деп өкпелі
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 28 қарашада Астанада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Halyq Uni армениялық 24News басылымына сілтеме жасап.
Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарянның айтуынша, Арменияның «ҰҚШҰ қызметіне қатысуды тоқтатуға қатысты ұстанымы» өзгерген жоқ.
Армения Cыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да саммитке қатыспайды.
Еске сала кетcек, Пашинян 2024 жылдың ақпанында Ереванның ҰҚШҰ жұмысына қатысуын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол ұйымды Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі кезінде өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады. Сол себепті 2023 жылы Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитіне де қатыспады.