Дегенмен қызу пікірталас болып жатыр
Еуропа астаналарында Украинаға әскери қызметкерлер жіберу идеясы айтылды. Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ол жерде ортақ мәміле жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni РИА Новостиге сілтеме жасап.
Айта кетсек, ол журналистердің «Дональд Трамп Киевті қолдаудан бас тартқан жағдайда Украинаға әскер немесе жекеменшік әскери компаниялардың жауынгерлері жіберіле ме?» деген сұрағына жауап берді.
Бұған дейін мұндай идеялар әртүрлі астаналарда айтылды. Бірақ бұл идеяға қарсы пікірлер де бар. Сондықтан еуропалықтардың бұл мәселеге қатысты ортақ пікірі жоқ, дегенмен қызу пікірталас болып жатыр, - деді Дмитрий Песков.
Сонымен қатар Ресей президентінің баспасөз хатшысы бұл хабарламалардың қаншалықты шындыққа сәйкес келетіні, шын мәнінде не туралы айтылып жатқаны белгісіз екенін алға тартты.