×

«Кремльде дүрбелең»: Путиннің денсаулығы сыр берді

Ол сәтсіз операциядан кейін есін жинай алмай қалған

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 14:43
фото: focus.ua

Кремльде дүрбелең болып жатыр. Focus.ua  порталының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин сәтсіз жасалған операциядан кейін комаға түсіп қалған.

Кешелі бері жер жүзінің бұқаралық құралдары шетел барлауының деректеріне сүйеніп, Путиннің сәтсіз операциядан кейін есін жинай алмай қалғанын, ал Кремльдің елді басқаратын адамды іздеп жатқанын жазып жатыр.

Журналистер материалдарында Ресей президенті Владимир Путин денесіндегі обыр ісігін сылып алып тастауға арналған операция сәтсіз аяқталғаннан кейін комаға түсіп кеткенін, қазір ол жансақтау бөлімінде қимылсыз жатқанын жариялаған.

«Жаны тек қосымша аппараттардың көмегімен сақталып тұр», - делінген мақалада.

«Обозреватель» порталының хабарлауынша, Ресей президентінің миында зақым болған. Мұның соңы оны ауруды сезіну қабілетінен айыра бастаған.

Осыған байланысты Путиннің айналасындағы адамдар Ресей президентінің комада жатқанын жария етпеуге шешім қабылдаған.  Кремль әзірге кімнің ізбасар болатынын анықтаған жоқ.

Журналистер Путиннің денсаулық жағдайы туралы мәліметті енді тек Мәскеу кезекті мәрте аталған кездесуден бас тарта бастағанда белгілі болады деген тұжырым жасап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама