Шұжықты үнемі тұтыну өмірді қысқартады - диетолог

Халық үні

Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатады

фото: Еркеғали Болатұлы

Диетолог Михаил Гинзбург шұжықты тұрақты түрде тұтыну адам өмірін қысқартатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, шұжықты үнемі тұтыну денсаулыққа кері әсер етпей қоймайды.

Шұжық – ет өнеркәсібінің жоғары өңделген өнімі. Тіпті 100 грамм шұжық немесе бекон ағзаға теріс әсер етуі мүмкін. Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатып, жасқа байланысты аурулардың даму қаупін арттырады, – деді Михаил Гинзбург.

Ал мұндай өнімдерден бас тарту дене ресурстарын қалпына келтіруге және денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді екен.