Шұжықты үнемі тұтыну өмірді қысқартады - диетолог
Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатады
Диетолог Михаил Гинзбург шұжықты тұрақты түрде тұтыну адам өмірін қысқартатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, шұжықты үнемі тұтыну денсаулыққа кері әсер етпей қоймайды.
Шұжық – ет өнеркәсібінің жоғары өңделген өнімі. Тіпті 100 грамм шұжық немесе бекон ағзаға теріс әсер етуі мүмкін. Ол ішек микрофлорасының жағдайын нашарлатып, жасқа байланысты аурулардың даму қаупін арттырады, – деді Михаил Гинзбург.
Ал мұндай өнімдерден бас тарту дене ресурстарын қалпына келтіруге және денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді екен.