×

«Бұл сұрақты оның өзіне қою керек»: Мәжіліс төрағасы да Назарбаев туралы айтты

Ол экс-президенттің Мәскеуге сапарын ашық айтпады

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 13:59
Көрнекі фото

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапарына қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы ол Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Осыған дейін де бұл сұраққа жауап берілді ғой. Тұңғыш Президент саясатпен айналыспайды. Ол Ресейге жеке тұлға ретінде барды. Қажеттілік болған жағдайда бара алады деп ойлаймын. Қандай қажеттілік болды деген сұраққа мен жауап бере алмаймын. Бұл сұрақты оның канцеляриясы мен өзіне қою керек. Қазақстан билігіне оның Мәскеуге баруынан пайда бар ма, жоқ па, ол жағын айта алмаймын. Ол өзінің жеке мәселесімен барған шығар. Біздің билікте ондай ақпарат жоқ, - деді Қошанов. 

Мәжіліс спикері Назарбаевпен ештеңе талқыланбағанын жеткізді. 

13 маусымда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге РФ-ның президенті Владимир Путинмен кездесіп, оны Ресей күнімен құттықтауға барған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама