Бұл жақта төлемнің бәрі оңай
Украинадан көшіп келген Надия Захарова есімді фотограф Қазақстанның өз елінен артықшылықтары туралы айтты.
Ол TikTok желісінде Қазақстандағы күнделікті өмірі туралы видеолар жариялап келеді. Соның бірінде ол Алматы қаласына көшіп келген бір жарым жылда Қазақстанның артықшылықтарына сүйсіне қарап келе жатқанын айтып берді.
Біріншіден, Қазақстанда банк жүйесі жақсы жолға қойылған. Банк жүйесі дамып кеткен. Мысалы, біздің елде мен біреудің телефон номерін білсем, оған ақша жібере алмайтын едім. Ал мұнда Каспи қосымшасымен ақша жібере аласың, Екіншіден, автобуста «Оңай» жүйесі бар. Бұл өте ыңғайлы төлем түрі. Үшіншіден, автобус жолақтарын айтар едім. Украинаның қалаларында мұндай тіпті, атымен жоқ, - деді ол.
Сонымен бірге ол басқа видеоларында қазақ тілін үйреніп жүргенін айтқан.