Зеленский Украинаның соғыста жеңілуге тақағанын мойындады
Ол «Трамп Путинді соғысты тоқтатуға көндіре ала ма?» деген сұраққа да жауап берді
Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұқбатында АҚШ-тың Киевке қолдау көрсетуді тоқтатуы Украинаның соғыста жеңілуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Егер АҚШ көмекті қысқартса, біз жеңілеміз деп ойлаймын. Әрине, бізде өз өндірісіміз бар, бірақ бұл жеңіске жету үшін жеткіліксіз, - деді Украина президенті.
Сұқбат барысында ол журналистің «Трамп Путинді соғысты тоқтатуға көндіре ала ма?» деген сұрағына да жауап берді.
Оны көндіру оңай шаруа емес. Бірақ АҚШ өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланса, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Путиннен әлдеқайда күшті Америка Құрама Штаттарының ықпалы зор, - деді Владимир Зеленский.