Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға тағы да уәде берді
Бірақ ол соғысты реттеу жоспарының мән-жайын анықтап айтқан жоқ
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын кез келгенін айтып, бұл мәселеде тағы да «аянбай жұмыс істеуге» уәде берді, деп хабарлайды Halyq Uni РИА Новостиге сілтеме жасап.
Біз Таяу Шығыс бойынша жұмыс істейтін боламыз. Сонымен қатар Ресей мен Украина бойынша өте қатты жұмыс істейміз. Мұны тоқтататын кез келді. Ресей мен Украинаның бір тоқтайтын уақыты болды, - деді Трамп Мар-а-Лагода өткен шарада.
Бірақ ол соғысты реттеу жоспарының мән-жайын анықтап айтқан жоқ. Ал бұған дейін Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Тіпті, мәселені бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген-ді.
Дегенмен Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен оңай шешіле салатын мәселе емес деп санайды. Сондықтан Ресей президенті Владимир Путин қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар да көтерген. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жарияламақ.