Halyq Uni логотип
×

Есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдету керек пе – судья пікірі

Нұрсерік Шәріпов есірткіден зардап шегіп жатқан адамдарды да ойлауға шақырды

 Дәурен Ерболат 07.11.2024 | 13:01
Есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдету керек пе – судья пікірі
Фото: Halyq Uni

Жоғарғы соттың судьясы, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов «Қазақстанда есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдету керек пе?» деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан соң судьяға «Есірткі жасырушылардың (закладчик) жазасын жеңілдету керек пе? Мысалы, олар түрмеде жазасын өтеп, 30 жаста бостандыққа шығады. Осы уақытта олардың не білімі, не жұмысы болмайды. Яғни, олардың болашағы жоқ. Сіздің ойыңызша, жаза өте ауыр емес пе? Мәселені шешу үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойылды.

Нұрсерік Шәріпов мәселе күрделі екенін атап өтті.

Сіз сонда есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдету керек деп ойлайсыз ба? Иә, көбінесе жастар ұсталатынын білемін. Президенттің тапсырмасы бойынша осы қылмыс үшін жаза күшейтілген. Сіз олардың болашағы жоқ ұрпақ екенін айттыңыз. «Олар жас кезінде ұсталып, түрме ұзақ уақыт жазасын өтеп, кім болып шығады?» дедіңіз. Менің сізге басқа сұрағым бар. Олар жастарды есірткіге тәуелді етіп, денсаулығына зиян келтірді. Осылайша, Қазақстанның болашағына зиян келтіріп жатқан жоқ па? Мұны кім ойлайды?, - деді төраға.

Жоғарғы соттың судьясы бұл қылмысты жасағандар өз әрекетіне баға бере алады деген ұстанымда.

Жазаны қатаңдатып, профилактика жұмысын күшейту керек. Бұл қылмыстың бәрі қасақана жасалған. Адам мұнда қылмыс үшін жаза қатаңдатылғанын біледі. (Мұндай қылмыс үшін) адам 10-15 жылға сотталады. Олар мұны біле тұра, осындай әрекете барады. Сондықтан біз олар туралы ғана емес, олар улап жатқан адамдарды да ойлауымыз керек, - деді Нұрсерік Шәріпов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама