×

«Бізбен келісілген жоқ»: Тілеуберді Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы айтты

Оған Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2022 | 15:20
фото: rbc.ru

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы айтты. Ол Назарбаевтың Ресейге сапары тікелей тұңғыш президенттің кеңсесімен және РФ президенті әкімшілігімен келісіледі деп түсіндірді.

Sputnik.kz-тің хабарлауынша, Тілеуберді Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Мәскеуге сапарға ешқандай дайындық жасамағанын атап өтті.

Алдағы сапар жайлы Сыртқы істер министрлігіне ескертудің қажеті жоқ. Министрлік Назарбаев пен Путиннің кездесуінде қандай мәселелердің талқыланғанынан бейхабар. Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ қой. Оның үстіне, екеуі бұрыннан келе жатқан достар, - деді Мұхтар Тілеуберді.

13 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездесіп, Ресей күнімен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама